Жаңалықтар

Шымкентте қайырымдылық қоры оқушы қыздарды заңсыз ұстап келген

Шымкентте қайырымдылық қоры оқушы қыздарды заңсыз ұстап келген
Фото: видеодан кадр 16.02.2025 11:40 666

Бұл заңбұзушылықты Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен прокуратура қызметкерлері анықтаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қайырымдылық қоры 28 отбасының қыздарын өз қамқорлығына алған.

Кейбір оқушы қыздар онда бірнеше ай болса, басқалары үш жылға дейін тұрған.

Мамандардың айтуынша, қор әділет органдарында ресми тіркелгенімен, балалар мен жасөспірімдерді оқытумен айналысуға құқығы жоқ.

Қордың қызметін тексеру үшін арнайы комиссия құрылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға