Жаңалықтар

Шымкентте қарындасының баласын терезеден лақтырған тұрғын жазадан құтылды

Шымкентте қарындасының баласын терезеден лақтырған тұрғын жазадан құтылды
Фото: Коллаж El.kz 16.05.2024 09:52 5401

Шымкентте үшінші қабаттың терезесінен баланы лақтырып жіберген ақыл-есі кем ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сот отырысы барысында сотталушының ақыл-есі кем күйінде қылмысқа барғаны анықталды: ол баланың жылағанына ашуланған. Белгілі болғандай, айыпталушы ұзақ уақыт бойы шизофрениямен ауырады.

Судьяның қорытындылары куәгерлердің айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен, бірнеше сот сараптамаларының қорытындысымен расталады. Прокурор Мырзахановты ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігінде көзделген іс-әрекетті ақыл-есі кем күйде жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатуды және оған мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түріндегі медициналық сипаттағы шараларды тағайындауды және іс жүргізуді тоқтатуды сұрады. Жәбірленушілер мен қорғаушы тарап прокурордың ұстанымымен келісті, – деді Шымкент қалалық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Әбинұр Қарабаев.

Айта кетейік, марқұм бала көптен күткен және отбасының жалғызы болған. Бала өте ауыр жағдайда облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Ол көптеген жарақатына байланысты жансақтау бөліміне жатқызылды, содан кейін балаға ота жасалды. Дәрігерлердің жұмсаған барлық күш-жігеріне қарамастан, баланы құтқару мүмкін болмады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға