Шымкентте полиция қызметкері 2 адамды көлікпен қағып кетті

Фото: © Polisia.kz
Фото: © Polisia.kz
04.08.2023 15:33
1088
Шымкентте полицейдің қатысуымен болған ЖКО дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полицияның дерегінше, 3 тамыз күні сағат 17:00 шамасында Байтұрсынов көшесіндегі жаяу жүргіншілер өткелінде Тұран АПБ-ның жүргізуші полицейі қызметтік автокөлікпен 2 адамды қағып кеткен.
Оқи отырыңыз:
- БҚО әкімі Астанадан барған бірінші орынбасарын қызметінен босатты
- «Бейәдеп сөз айтқан жоқпын»: Щучинск қаласы әкімінің басы дауға қалды
Жол-көлік оқиғасы салдарынан анасы мен кәмелет жасына толмаған қызы ауруханаға жеткізілді.
Аталған жайт Шымкент қаласы полиция департаментінде ҚР ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамның абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан жол жүру қағидаларын бұзу) бойынша тіркелді.
Қажетті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бөлісу:
