Жаңалықтар

Шымкентте өз анасына қол көтерген полицей қызметінен қуылды

Шымкентте өз анасына қол көтерген полицей қызметінен қуылды
Фото: El.kz 24.07.2024 10:09 943

Шымкентте отбасылық жанжал кезінде полиция подполковнигі өз анасына қол көтеріп, денсаулығына жеңіл дәрежедегі зиян келтірген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға биыл 27 сәуірде кешкі сағат 20.50 шамасында орын алған.Сот отырысында полицейдің анасы ұлы қол көтергенін растаған. Ал тәртіп сақшысы ашу үстінде анасын ұрғанын мойындап, кешірім сұраған. 4 шілдедегі сот шешімімен полиция қызметкері әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-1-бабының 1-1-бөлігімен кінәлі деп танылды. Оған әкімшілік жаза ретінде ескерту берілді. Сот шешімі шыққан соң полиция подполковнигі жұмыстан босатылды. 

Аталған жайтқа қатысты іс-құжаттар жинақталып, шешім қабылдау үшін мамандандырылған ауданаралық сотына жолданған. Сонымен қатар қызметтік тексеру жүргізіліп, оның нәтижесіне сәйкес полиция қызметкері ішкі істер органдарынан шығарылды, – делінген полиция хабарламасында. 

Айта кетейік, тәртіп сақшысы қалалық полиция департаментіне қарасты Жедел басқару орталығының инспекторы қызметін атқарған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға