Шымкентте өртенген үйден 50 адам эвакуацияланды

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
18.12.2023 22:02
858
Шымкентте көпқабатты тұрғын үй өртке оранып, одан 50 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖД-нің мәліметінше, 18 желтоқсанда сағат 14:10-да Шымкент қаласы, Тұран ауданы, Қонаев даңғылы, 91 үй мекенжайынан төтеншеліктерге өрт туралы хабарлама келіп түскен.
Тұрғын үйдің 10 қабатында 17 шаршы метр аумақты қамтыған ас бөлмесі өртенген.
Өрт сағат 14:48-де жойылды. Баспалдақпен алып жүру арқылы екі адам құтқарылды. Баспалдақ арқылы 50 адам өз бетінше эвакуацияланды, -делінген хабарламада.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталу үстінде.
Бөлісу:
