Шымкентте өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша республикалық турнир өтеді

Фото: ТЖД
Фото: ТЖД
08.06.2024 09:19
885
Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қолдауымен 2024 жылғы 10-15 маусым аралығында Шымкент қаласында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер мен әйелдер құрама командаларының арасында Қазақстан Республикасының кубогына VII турнир өтеді, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.
Турнирге еліміздің 300-ге жуық спортшылары қатысады. Жарыс төрт дисциплина бойынша өтеді: шабуыл сатысымен көтерілу, кедергілері бар 100 метрлік жолақтан өту, 4х100 м өрт эстафетасы және жауынгерлік қанат жаю.
Турнир Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионында және Темірлан тасжолы 18 мекенжайы бойынша орналасқан мамандандырылған жасақ аумағында өтеді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Елордада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Келесі жаңалық
«Таза Қазақстан»: Шымкентте ауқымды сенбілік өтті