Шымкентте оқушы қыздың өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды
Фото: © Polisia.kz
Фото: © Polisia.kz
23.01.2024 19:01
761
Шымкентте суицид жасаған оқушы қыздың өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, іс Еңбекші аудандық полиция басқармасында Қылмыстық Кодекстің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бойынша тіркелген. Сот-медициналық сараптама тағайындалған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Оқи отырыңыз:
- Атырауда әйелімен ұрсып қалған ер адам өзін өртеп жіберді
- «Бәрімізге белгілі». Ішкі істер министрлігінің өкілі мектеп оқушылары арасында буллинг барын ашық айтты
Қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі марқұм болған қыз мектепте үлгілі оқушы және сыныптастарымен қарым-қатынасы жақсы болған.
Еске салсақ, оқиға 22 қаңтарда кешкі уақытта болған. Сағат 18:30 шамасында үйінен өз-өзіне қол жұмсаған 11-сынып оқушысының мәйіті табылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға