Шымкентте нәзік жанды полицейлер құрметке бөленді

Шымкентте Полиция департаментінде Халықаралық әйелдер күніне орайластырылған мерекелік іс-шара өткізіліп, нәзік жанды тәртіп сақшыларына арнайы марапаттар табысталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Салтанатты жиында полицейлер қызмет бабында қайтыс болған әріптестерінің аналары мен жұбайларын да назарсыз қалдырмай, оларға гүл шоқтары мен сый-сияпаттарын табыстап, құрмет көрсетті.
Департамент бастығы полиция полковнигі Нұрлан Алмасбеков өз құттықтауында қайсар қыз-келіншектердің ер азаматтардан кем түспейтін ерлік әрекеттеріне айрықша тоқталып, бүгінгі қоғамдағы нәзік жандылардың жауапты қызметтерде елеулі еңбек етіп жүргенін атап өтті. Оларға зор денсаулық, отбасыларына амандық, қызметте сәттілік тіледі. Мұнан соң өз қызметтік міндеттерін адал әрі мінсіз атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген әйел-қызметкерлерге ІІМ және департамент тарапынан марапаттар берілді.
