Жаңалықтар

Шымкентте мәдениет басқармасының басшысы парамен ұсталды - Антикор

Шымкентте мәдениет басқармасының басшысы парамен ұсталды - Антикор
Фото: gov.kz 13.10.2023 09:00 1047

Шымкентте басқарма басшысы  жемқорлық фактісі бойынша әшкереленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағаттар басқармасы басшысының заңсыз әрекетінің жолын кесті.

Ол өзінің қарамағындағыдан еңбек шартын ұзартқаны және қызметтегі жалпы қамқорлығы үшін 1 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға