Шымкентте креативті индустрияны қолдау мақсатында жәрмеңке өтті

Фото: instagram.com/akimat_shymkent
Фото: instagram.com/akimat_shymkent
02.12.2024 07:35
518
Шымкентте туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасы Креативті индустрия ассоциациясымен бірлесе жәрмеңке ұйымдастырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Креативті индустрия өңілдерін қолдау мақсатында өткен жәрмеңкеге 20 шебер қатысты.
Қолөнершілер қала тұрғындарына зергерлік бұйымдарын, киіз, тоқыма және өзге де өнімдерін ұсынды. Жәрмеңке қаланың мәдени өміріне жаңа леп сыйлап, шеберлердің еңбектерін бағалауға ықпал етті.
Айта кетсек, жәрмеңке 14-желтоқсанға дейін «Shymkent City Mall» ойын-сауық орталығында жалғасын табады.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Ербол Мырзабосынов ресейлік әріптесімен кездесті