Жаңалықтар

Шымкентте іздеуде жүрген жігіт мектеп оқушысын тонап кетті

Шымкентте іздеуде жүрген жігіт мектеп оқушысын тонап кетті
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 29.11.2023 15:20 904

Шымкентте мектеп оқушысын тонап кеткен тұрғын ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полицияға Қаратау ауданының тұрғыны тонау туралы арызбен жүгінді. Әйелдің айтуынша, белгісіз біреу көшеде оның ұлының смартфонын ашық түрде алып кеткен.

Мектептен үйіне қайтып келе жатқан 9 жасар баланың телефонын бейтаныс жігіт қоңырау шалу үшін сұрап, қаша жөнелген. Бұл оқиға баланың сыныптасының смартфонына түсіп қалған. Хабарламаны алған полицейлер дереу іздеуге кірісті.

ЖБО-ның бейнебақылау камералары арқылы күдіктінің алған бағыты мен жеке басы анықталды. Ол қаладағы сауда орталықтарының бірінің алдында ұсталған күдіктіден гаджет тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды.

Белгілі болғандай, жас жігіт бұл қылмысты жасамас бұрын із-түссіз жоғалған адам ретінде іздеуде болған. Туыстары оны 3 күн бойы іздеген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға