Шымкентте ірі көлемде есірткі мен жалған валюта саудалаған айыпталушы сотталды
Фото: baq.kz
Фото: baq.kz
23.09.2022 09:40
1729
Шымкентте ірі көлемде есірткі мен жалған доллар саудалаған айыпталушыға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды El.kz Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті аса ірі көлемде «мефедрон» синтетикалық психотроптық есірткісін сату және 9300 АҚШ доллары сомасындағы жалған ақша қаражатын өткізу фактісі бойынша қылмыстық істі аяқтады. Күдіктіге қатысты «қамауға алу» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды», - делінген ресми хабарламада.
Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ғалымдар жол құрылысында жаңа тәсіл қолданбақ – ИИДМ
Келесі жаңалық
Ойыншық тапаншамен ломбардты тонамақ болған жігіт сотталды