Жаңалықтар

Шымкентте индустриялық аймақтағы өрт толығымен сөндірілді

Шымкентте индустриялық аймақтағы өрт толығымен сөндірілді
Фото: Видеодан кадр 28.07.2024 09:02 656

Шымкентте "Ордабасы" индустриялық аймағында 1200 шаршы метр аумақты шарпыған өрт сөндірілді. Жалын толық сөндірілгенше оқиға орнында қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің басшылығыммен жедел штаб ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Қалалық әкімдік мәліметіне сүйенсек, өрт 27 шілдеде сағат 19:16-да оқшауланып, 28 шілдеде сағат 05:30-да толығымен сөндірілді. Қазіргі таңда оқиғаның шығу себебі анықталып жатыр.

Тілсіз жаумен күресуе жалпы саны 700-ден астам адам, 129 техника және 1 өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды. Бұдан бөлек Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушілері де көмек көрсетті.

Мамандар әлі де оқиға орнында. Қажет болған жағдайда ықтимал зардаптың алдын алу және толық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтын болады.

Еске салсақ, кеше 27 шілдеде «Ордабасы» индустриялық аймағында техникалық газ күкірті тұтанып, өрт шыққан болатын. Сол маңдағы «Шаңырақ» шағынауданының тұрғындарын қауіпсіз жерге эвакуацияланды.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға