Жаңалықтар

Шымкентте "Халық заңгері" республикалық акциясы өтті

Шымкентте "Халық заңгері" республикалық акциясы өтті
Фото: instagram.com/akimat_shymkent 26.04.2025 01:13 168

Шымкентте "Халық заңгері" республикалық акциясы өтті. Акция барысында қала тұрғындары жер қатынастары, тұрғын үй кезегі, тұрғын үйді жекешелендіру, жол, инфрақұрылымына қатысты өзекті мәселелелер бойынша кеңестер алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қала әкімдігінің ақпаратына сүйенсек, азаматтар құқық қорғау органдарының өкілдеріне, адвокаттар мен заң консультанттарына жүгінді. Құқық қорғау органдарының өкілдері жергілікті кәсіпорындарда еңбек заңнамасының сақталуы, өндірістік жарақат алу оқиғалары мен жалақы қарыздарына қатысты мәселелерде кеңестер берді.

Айта кетейік, акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң көмегін көрсету. Кез-келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың арасында жергілікті атқарушы органның, аумақтық және құқық қорғау органдарының басшылары, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылар, адвокаттар, нотариустар және басқалары бар. 

"Халық заңгері" іс-шарасы аясында 130 азаматқа құқықтық кеңестер берілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға