Шымкентте есірткі тасымалдаған екі қыз ұсталды

Фото: © Pixabay.com
Фото: © Pixabay.com
12.02.2024 16:16
2448
Шымкентте полицейлер есірткі тасымалдаушы екі қызды қолға түсірді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі оtyrar.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға Қаратау ауданында болған. Қыздардың біреуінен 10 пакет, екіншісінің қалтасында 5 доза мефедрон жасырылғаны анықталды. Қыздар аталмыш затты жасырылған жерге тастап, клиенттеріне координаттарды жіберу керек болған.
Олар 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
«Заслон» жедел-профилактикалық іс-шарасының нәтижесінде бес күннің ішінде Шымкентте 18 есірткі қылмысының жолы кесілді. Рейд барысында 506 есірткі граффитиі жойылды.
Бөлісу:
