Жаңалықтар

Шымкентте есірткі қойып кетушілердің полицейлерден қашқан сәті видеоға түсіп қалды

Шымкентте есірткі қойып кетушілердің полицейлерден қашқан сәті видеоға түсіп қалды
Фото: polisia.kz 19.09.2023 10:22 600

Шымкентте полицейлерден қашпақ болған есірткі қойып кетушілер көлігімен қоршауға соғылды. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қайтпас-1 ықшам ауданы тұрғындарының есірткі қойып кетушілер көбейіп бара жатқаны туралы өтініші бойынша ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері учаскелік инспекторлармен бірлесіп, арнайы рейдтер жүргізді.

Оқи отырыңыз:

Жұмыс барысында Volkswagen Polo мінген екі жас жігіт полицейлердің күдігіне ілікті. Тәртіп сақшыларын байқаған жігіттер артқа шегініп қашуға әрекеттеніп, құрылысы аяқталмаған үйдің ауласына кіріп кеткен. Полиция қызметкерлері жолды жауып тастаса да, көлік қозғалысын тоқтатпай, жеке учаскені қоршап тұрған қоршауға соғылған, - делінген мәліметте.

Тергеушілер көліктің ішін тексеру кезінде құрамында ақ ұнтақ тәрізді заттары бар 30-ға жуық орама тапты. Сараптама қорытындысы оның салмағы 30 грамға жуық синтетикалық мефедрон есірткісі екенін көрсетті.

Аталған жайт бойынша Қаратау аудандық полиция басқармасы ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Күдіктілер полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Есірткі қойып кетушілер көлікті өздерінің «жұмысы» үшін жалға алғаны анықталды.

Есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыс жасағаны үшін оларды 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға