Жаңалықтар

Шымкентте ер адамнан 3 келі есірткі тәркіленді

Шымкентте ер адамнан 3 келі есірткі тәркіленді
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 24.10.2023 17:04 607

Шымкентте ер адамнан 3 келі есірткі тәркіленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында өткізілген арнайы операция барысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері психотроптық заттарды өткізумен айналысып жүрген тұрғынды анықтады.

Полицейлер ​түнгі уақытта Абай ауданының аумағында 24 жастағы азаматтың басқаруындағы автокөлікті тоқтатты. Кинология орталығының қызметтік итінің көмегімен Toyota Camry көлігінің жүк салғышынан ішінде ақ түсті ұнтақ тәріздес заттары бар скотчпен оралған үлкен пакет табылды. Сонымен қатар жүргізушінің телефонынан есірткі құралдары жасырылған орындардың координаттары анықталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға