Шымкентте ер адам ине саламын деп әйелін өлтіріп алды

Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com
20.03.2025 09:45
820
Шымкентте ер адам әйеліне ине салып, абайсызда ажалына себепкер болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 16 наурыз күні қала орталығындағы Жібек жолы көшесінде орналасқан үйлердің бірінде болған.
Ер адам ауырып қалған әйеліне екпе салуға тырысқан, алайда қателік жіберген сияқты. Науқас өзін одан әрі жайсыз сезінген. Осыдан кейін жедел-жәрдемді шақырғанымен, келіншек дәрігерлер келгенше көз жұмған.
Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде, – делінген Шымкент қаласының полиция департаментінің хабарламасында.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Бүгін Тұманбай Молдағалиевтің туғанына 90 жыл