Шымкентте ер адам әйелін балаларының көзінше ұрып өлтірген

Шымкентте ер адам 42 жастағы әйелін асқан жауыздықпен өлтірген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Немолчи» қорының мәліметінше, ер адам әйелін басынан «штангамен» ұрып, артынша ас бөлменің терезесінен лақтырып жіберген. Жантүршігерлік жайтты марқұмның 4 жасар баласы айтып берген.
Қорға әйелдің екі баласы өтінішпен хабарласқан. Олар анасының көз алдында бақилыққа аттанғанын көрген. Үлкен баласының сөзінше, олардың әкесі анасын үнемі ұрып жығады екен.
Осылайша, жеті бала (22, 20, 15, 13, 11, 4 және 2 жаста) анасыз қалды. Олардың бесеуі – кәмелетке толмағандар.
Қанды оқиға 5 ақпанда болған. Сот сараптамасының қорытындысы әлі дайын емес. Кәмелетке толмаған балалар мемлекеттік мекемеге орналастырылды, жақын арада олардың тұрғылықты жерін анықтау бойынша сот отырысы өтеді. Ал ер адам қамауға алынған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
