Шымкентте ер адам 16-қабаттан құлап кетті

Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney
25.07.2024 06:23
656
Шымкентте ер адам 16-қабаттан құлап, қайтыс болды. Оқиға «БИИК» тұрғын үй кешенінде болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Оtyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Маңайдағы куәгерлер марқұмның бұл тұрғын үйде тұрмайтынын, пәтерді бірер күн бұрын жалға алғанын айтты.
Қазір оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр. Марқұмның өзіне қол салғаны немесе 16-қабаттан абайсызда құлағанын полиция анықтайды. Ал оқиғаға қатысты қылмыстық іс «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бабы бойынша тіркелген.
Аталған жайт бойыншаТұран ауданының полиция басқармасымен ҚР ҚК-нің 105 бабы, яғни «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бойынша тіркелді. Тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде, - деп хабарлады Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Жазғы Олимпиада ойындарында 19 комментатор қызмет көрсетеді
Келесі жаңалық
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шаралар басталды