Жаңалықтар

Шымкентте екі қабатты заңсыз құрылыс нысаны сүрілді

Шымкентте екі қабатты заңсыз құрылыс нысаны сүрілді
Фото: instagram.com/akimat_shymkent 15.03.2025 01:22 106

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен екі қабатты құрылыс нысаны заңсыз деп табылып, бұзу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әкімдік ақпаратынша, Ю.Гагарин көшесіндегі №210 мекенжайда орналасқан құрылыс нысанына тексеру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде жер телімнің нысаналы мақсаты тұрғын үй үшін берілгендігі анықталған. Алайда жер телімінің иесі заң талаптарын бұзып, коммерциялық нысан салған. 

Осы ретте қала әкімдігі құрылыс, ғимарат немесе өзге де нысандарды салу үшін тиісті құжаттарды рәсімдеу қажет екендігін еске салды. Қазақстан заңнамалары бойынша қажетті рұқсат алынбай құрылысы жүргізілген нысан өз бетінше салынған құрылыс болып табылады.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға