Жаңалықтар

Шымкентте екі қабатты кафеден өрт шықты

Шымкентте екі қабатты кафеден өрт шықты
Фото: ТЖМ 30.03.2025 10:09 397

Шымкенттік өрт сөндірушілер кафедегі өртті сөндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Асар шағын ауданында екі қабатты кафенің жертөлесінде өрт орын алды.

Өрт сөндірушілер келген кезде кафеден қалың қара түтін шығып жатты. Нөлдік көріну мен жоғары температураға байланысты өрт сөндірушілерге өрт ошағын анықтау қиынға соқты. Өрт сөндірушілердің кәсіби және батыл әрекеттерінің арқасында өрттің таралуына жол бермей, өртті жоюға мүмкіндік туды. Белгілі болғандай, жертөледе автомобиль бөлшектері мен майлар жанған.

 Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға