Шымкентте екі басқарманың бұрынғы басшылары жауапқа тартылды

Шымкентте спорт және мәдениет басқармаларының бұрынғы басшылары жауапқа тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Прокурорлар «DamuBala» бағдарламасына бөлінген бюджет қаражатын жоспарлау кезінде кәсіпкерлерге кедергі келтіретін, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тегін шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларына қатыстыра алмау фактілерін анықтаған.
Прокурорлық қадағалау актісімен бұл заң бұзушылықтар жойылды. 111 кәсіпкер мен 1 инвестор 2023 жылдың тамызынан бастап damubala.kz платформасында бұрын кезекте тұрған 4 276 кәмелетке толмаған балаға қызмет көрсете бастады. Сонымен қатар биыл сәуір айынан бастап 125 кәсіпкер қызмет көрсету үшін шығармашылық үйірмелерге қатысуға damubala.kz платформасына 5 мың баланы (ваучерлерді) кезекке қоюға мүмкіндік берілді,-делінген қалалық прокуратура мәліметінде.
Нәтижесінде спорт және мәдениет басқармаларының бұрынғы басшылары Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 234-1-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 369 200 теңге көлемінде айыппұл төленді.
