Шымкентте «егіз» көліктер анықталды
![Шымкентте «егіз» көліктер анықталды Шымкентте «егіз» көліктер анықталды](/storage/storage/element/2024/02/16/mainphoto/90061/1200xauto_Hj3fROB1nzXfx37zjqTqPg9BFOhSECz4jp5MFBem.jpg)
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
16.02.2024 19:30
763
Шымкентте ЖБО камералары «егіз» көліктерді анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ІІМ мәліметінше, бейнебақылау инспекторлары қала жолдарында бірдей нөмір таққан екі Toyota Camry көлігін байқаған. Оларды ұстап, мән-жайды анықтау үшін патрульдік полиция экипаждары бағытталды.
Жүргізушілер бір-бірін жақсы танитын достар болып шықты. Досының көлігін көшірген 37 жастағы тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал оның темір тұлпары айыптұраққа қамалды, - делінген мәліметте.
Құқық бұзушы ткөлігінен ғана емес, жүргізуші куәлігінен де айырылды. Жалған нөмірлі машинаны тізгіндегені үшін енді ер адамның бір жыл бойы көлік басқаруға құқығы жоқ.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)
Алдыңғы жаңалық
Астанада қар тазалауға екі мыңнан астам жол жұмысшы жұмылдырылды
Келесі жаңалық
Домбыраның құрметіне орнатылған 10 ескерткіш