Жаңалықтар

Шымкентте демалыста жүрген көші-қон полициясының басшысы ұсталды

Шымкентте демалыста жүрген көші-қон полициясының басшысы ұсталды
Фото: t.me/POLICE_of_KZ 15.07.2023 21:00 1024

Шымкент көші-қон полициясы басқармасының бастығы ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ мәліметінше, ол 1000 доллар көлемінде ақшалай сыйақы алды деген күдікке ілінді. Шенеунік еңбек демалысында болған жерінен қолға түсті. 

Бүгін ҰҚКД және Шымкент қаласы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері бірлескен жедел іс-шаралар нәтижесінде еңбек демалысында жүрген көші-қон полициясы басқармасының бастығы ұсталды. Ол 1000 доллар көлемінде ақшалай сыйақы алды деген күдікке ілінді, - делінген полиция баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Оқи отырыңыз:

Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Барлық мән-жай сотқа дейінгі тергеу барысында анықталатын болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға