Шымкентте демалыс күндері қоғамдық көліктердің жүру уақыты ұзарды
![Шымкентте демалыс күндері қоғамдық көліктердің жүру уақыты ұзарды Шымкентте демалыс күндері қоғамдық көліктердің жүру уақыты ұзарды](/storage/storage/element/2025/01/01/mainphoto/136266/1200xauto_f0PffEaJ5T3Z5dxSy7WAyWcBkEBzHqUe4Ip1fIQU.jpg)
Фото: instagram.com/akimat_shymkent
Фото: instagram.com/akimat_shymkent
01.01.2025 20:05
571
Шымкентте жаңа жылға орай берілген демалыс күндері қоғамдық автобустардың жүру уақыты ұзарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әкімдік ұсынған мәліметке сүйенсек, 2025 жылдың 1-4 қаңтар аралығында қалада 80 тұрақты қалалық маршрут мейрам және демалыс күндері 666 кесте бойынша қызмет көрсетеді. Бұл автобустар қала аумағындағы барлық шағынаудандар мен тұрғын алабтарды 100% қамтиды. Автобустар таңғы сағат 6:30-дан бастап кешкі сағат 23:00-ге дейін жұмыс істейді.
Сонымен қатар 71 бағыт 21:00-ге дейін, 9 бағыт 23:00-ге дейін жүреді. Олар: №12, 17, 27, 35, 74, 84, 103, 113, 126 маршруттар,-делінген әкімдік хабарламасында.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)
Алдыңғы жаңалық
Жолда тұрып қалған тәжікстандық 7 азамат құтқарылды
Келесі жаңалық
Ерікті қоныс аудару: қазақстандықтар қай өңірлерге көшкен