Жаңалықтар

Шымкентте дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінің басшысы сотталды

Шымкентте дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінің басшысы сотталды
Фото: ©El.kz/Бауыржан Жуасбаев 18.09.2024 12:30 443

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты «Шымкент қаласының дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері» КММ басшысы И. Долбиловаға және осы ұйымның бухгалтері М. Абдукаримоваға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Антикор мәліметінше, олар іс жүзінде еңбек қызметін жүзеге асырмаған тұлғаға жалақыны заңсыз есептеу жолымен 3,4 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 2 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға