Шымкентте биыл 13 мыңға жуық адам қоғамдық ортаны ластаған
Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
02.11.2024 20:40
341
Шымкентте жыл басынан бері 12 935 адам Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-2 бабына сәйкес жауапқа тартылған. Оларға 179 млн теңге айыппұл салынған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Осы ретте әкімдік полицейлер бейнебақылау камералары арқылы заңбұзушыларды анықтап, хаттама толтыратынын ескертеді. Егер ортақ пайдаланылатын орындарды ластау бойынша тәртіпсіздік орын алса, 5 АЕК (18 460 теңге), бұл заңбұзушылық екінші рет қайталсанса 10 АЕК (36 920 теңге) айыппұл салынады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ел тарихында алғаш рет вольфрам өндірісі іске қосылды