Жаңалықтар

Шымкентте белгілі кәсіпкер қайтыс болды

Шымкентте белгілі кәсіпкер қайтыс болды
Фото: © Otyrar.kz 07.07.2023 22:23 438

Шымкентте белгілі кәсіпкер, қалалық мәслихаттың бірнеше шақырылымының экс-депутаты Оспаналиева Рәшкүл Жәлелқызы 62 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Otyrar.kz хабарлауынша, қаза туралы экс-депутаттың туыстары хабарлады. Өлімнің себебі әлі белгісіз.

Рәшкүл Оспаналиева 1961 жылы Жамбыл облысы, Абай ауылында дүниеге келген. 1984 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының Алматы филиалын инженер-технолог мамандығы бойынша бітірген. 1978-1995 жылдар аралығында бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеген.

95-жылы Рәшкүл Жәлелқызы өзін кәсіпкер ретінде сынап көруді ұйғарған. Оның алғашқы кәсібі шаштараз болды. Кейін жұбайы Әлішер Наматиллаұлы Толыбаевпен бірігіп ұн тарту зауытын ашқан.

2007 жылы Рәшкүл Жәлелқызы "Береке А" құрылыс компаниясының бас директоры болды.

Рәшкүл Жәлелқызы шенеуніктерге ыңғайсыз сұрақтарын қоюдан тартынбай, халықтың игілігі үшін еңбек етті. Сол үшін шымкенттіктер оны құрметтейтін, - делінген некрологта.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға