Шымкентте Бауыржан Момышұлын еске алуға арналған турнир өтті
Шымкентте садақ атудан Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлын еске алуға арналған дәстүрлі турнир өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ересектер арасындағы ашық турнирде 20 спортшы бақ сынады. Жарысқа Түркістан, Жамбыл облыстары мен Астана қаласынан келген мергендерде қатысты.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, турнир Шымкент қаласының құрама командасын алдағы халықаралық “Азия кубогы” мен қала чемпионатына дайындау мақсатында ұйымдастырылған. Жарысқа “Садақ Шымкент” федерациясы демеушілік еткен.
Шаһардың садақ ату спортының жаттықтырушысы Жәнібек Құлмырзаевтың айтуынша, бұл турнир спортшылардың шеберлігін шыңдауға және ұлттық спортты насихаттауға үлкен үлес қосады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтар және дипломдармен марапатталды.