Жаңалықтар

Шымкентте аяғы ауыр келіншектің ішіне пышақ сұғып алған

Шымкентте аяғы ауыр келіншектің ішіне пышақ сұғып алған
Фото: ©pixabay.com 07.06.2024 11:02 6832

Шамаментте №2 қалалық ауруханаға пышақ жарақатымен жүкті әйел жеткізілді, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жәбірленушінің жасы 30-да, ол ішінен жарақаттанған. Кім жарақат салғаны әзірге белгісіз. Іштегі нәрестеге ешқандай қауіп жоқ. Қазіргі уақытта операция жүргізіліп жатыр.

Ол жедел жәрдеммен жеткізілген кезде есін біліп жатты. Тексеру барысында оның жүкті екені анықталды, бірақ мерзімі өте кішкентай. Қазір жағдайы қанағаттанарлы», — деді OTYRAR тілшісіне ақпарат берген инсайдер.

Аурухана қызметкерлері зардап шегуші туралы ақпаратты Шымкент қаласының полиция департаментіне жеткізді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға