Жаңалықтар

Шымкентте әуежай кесірінен 300-ден астам үй бұзыла ма?

Шымкентте әуежай кесірінен 300-ден астам үй бұзыла ма?
Фото: Видеодан кадр 28.12.2023 17:38 1336

Шымкент әуежайының санитарлық аймағындағы нысандарға қатысты шешім өзгерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі qazaqstan.tv-ке сілтеме жасап.

Соның арқасында енді самолеттердің ұшып-қонуына кедергі келтіреді делінген 300-ден астам үй бұзылмайтын болды. Өйткені бұл жұмыс қазынаға үлкен салмақ салып, 30 миллиард теңге шығынды қажет етті. Зерделеу, ізденіс жұмыстары нәтижеесінде санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін басқа бағыттағы жаңа жолақ салу туралы шешім қабылданды.

Жаңа нысан салынатын жер бұған дейін жалға алынып, ауылшаруашылығы мақсатында пайдаланылып келген болатын. Тиімді шешімнің арқасында самолеттердің ұшып-қонау жолағы да ұзаратын болды. Енді оның ұзындығы 3 мың 300 метр, ал ені 45 метр болмақ.

Жаңадан түсетін ұшып-қону жолағының жүк көтергіш қабілеті қазіргіге қарағанда 60 пайызға жоғары болады. Қазіргі таңда жобалаушы мекемен ізденіс жұмыстарын жүргізіп жатыр. Яғни, тиісті географиялық белгілерін, желдің бағытын, жердің құрамын тексеруде, - дейді қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға