Шымкентте арнайы шара барысында аудандық полиция басқармасы анықтау бөлімінің бастығы ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қаладағы бірлескен жедел іс-шараларды жүргізу барысында ҰҚКД мен Шымкент қаласы ПД ӨҚБ-ның қызметкерлері Абай аудандық полиция басқармасы анықтау бөлімінің бастығы мен бұрынғы тергеушіні ұстаған.
Олар алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп жазылған ІІМ таратқан мәліметте.
Шымкент қаласы ПД-нің басшылығы мен басқа да құқық қорғау органдары “погондағы теріс пиғылды адамдарды” анықтау жұмыстарын жалғастыра беретінін мәлімдеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Астанада шаңғы маусымы ресми түрде басталды