Жаңалықтар

Шымкентте аса қауіпті қылмыскер қолға түсті

Шымкентте аса қауіпті қылмыскер қолға түсті
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 03.10.2023 01:25 752

Шымкентте халықаралық іздеуде жүрген аса қауіпті қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық полиция басқармасының мәліметінше, көші-қон қызметі қызметкерлері учаскелік инспекторлармен бірлесіп, Қазақстанда заңсыз жүрген 34 жастағы шетелдікті ұстады. Ол Өзбекстанның құқық қорғау органдарынан жасырынып жүрген.

Көрші елдің тәртіп сақшыларының бағыттамасында ер адам 2022 жылы алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуге жарияланғанын және қарулы болуы мүмкін екенін көрсетеді. Ұсталған азаматтан қару-жарақ табылмаған, - делінген хабарламада.

Ол қазір қамауда отыр. Оны Өзбекстанға экстрадициялау жұмыстары жүріп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға