Шымкентте аса ірі мөлшерде есірткі тасымалдаған жігіт сотталды
Шымкентте аса ірі мөлшерде есірткі тасымалдаған жігіт түрмеге тоғытылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Еңбекші аудандық полиция басқармасының қызметкерлерімен қала аумағында есірткі заттарын тасымалдау күдігі бойынша 25 жастағы жігіт тоқтатн болатын. Жедел-тергеу тобының қызметкерлері ер адамның жеке басын тексеру барысында есірткіге ұқсас заттар салынған 101 орама тәркіледі.
Сараптама қорытындысы алынған заттардың аса ірі мөлшердегі мефедрон психотроптық заты екенін растады. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша тіркеп, тергеу амалдарын жүргізді.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде тергеушілер күдіктінің кінәсін толық дәлелдеп, қылмыстық іс-бойынша жинақталған құжаттар мен айғақтарды сотқа жолдады. Сот шешімен жергілікті тұрғын 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.