Шымкентте Алпамыс дүниеге келді

Фото: Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы
Фото: Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы
10.05.2023 17:10
1802
Шымкентте бүгін таңда алып бала өмірге келді. Оның салмағы 6 келі. Бұл туралы El.kz ақпараттық агенттігінің Шымкенттегі тілшісі хабарлайды.
Дүниеге әкелген ананың жасы 31-де. Оның айтуынша, бұл сәби үшіншісі. Есімін Алпамыс деп атап отыр.
Дәрігерлер екеуінің де жағдайы жақсы екенін, бірақ келесі аптада ғана үйлеріне шығаратынын айтады.
- Шақалақтың туғандағы салмағы - 6000,0 гр, бойы – 65 см болды. Анасында ешқандай жыртылу болған жоқ. Алайда Алпамысқа ерекше күтім жасап, алдағы уақытта оның салмағын қадағалап тұруымыз қажет,”-дейді босану бөлімшесінің меңгерушісі Қарлығаш Альжанова.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
МӘМС жүйесі қаржы жинау механизміне айналды - депутат
Келесі жаңалық
Ақтөбе облысындағы ауданда мектеп пен балабақша жөнделді