Шымкентте алименттен жалтарып жүрген әкелердің көліктері айыптұраққа қойылды

Шымкентте "Қорғау" бағдарламасы ақылы алимент төлеуден жалтарып жүрген жүргізушілер анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Үш көлік иесі ұзақ уақыт бойы балаларын асырап-бағуға арналған қаражатты төлемей жүрген.
Ravon және Toyota жүргізушілерінің алимент бойынша берешегі әрқайсысында 2 миллион теңгені, ал Daewoo тізгіндеушісінің берешегі 1 млн 300 мың теңгені құрайды. Оларды ұстауға бейнебақылау инспекторлары патрульдік полиция экипаждарын бағыттады. Борышкерлерге міндетті төлем туралы ескертілді. Алимент төлеуден жалтарған тұрғындардың көліктері айыппұл тұрағына қойылды, - деді жедел басқару орталығының бастығы Асқар Алипбаев.
Естеріңізге сала кетейік, мегаполис полициясы "Қорғау" жүйесін 2022 жылдың сәуір айында қолдана бастаған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Оқи отырыңыз:
- Жамбылда алименттен жалтарып жүрген әкелерден 300 млн теңге өндірілді
- «4 млн-нан астам қарыз»: Павлодарда алименттен жалтарып жүрген әке ұсталды
