Жаңалықтар

Шымкентте ағасы інісінің көлігіне есірткі салып жіберген

Шымкентте ағасы інісінің көлігіне есірткі салып жіберген
Фото: Видеодан кадр 17.02.2025 23:43 811

Шымкентте 20 жасар жігіт есірткі тасымалдаған. Алайда ол көлігіндегі темекі қорабында қандай зат бар екенін білмеген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Полицейлер «Приора» тізгіндеп келе жатқан жас жігітті таңғы уақытта тоқтатқан. Ол  көлік құралын пайдалану қағидаларын бұзған. Тексеру кезінде тәртіп сақшыларының көзіне скотчпен оралған темекі қорабы түскен. Алайда көлік жүргізушісі қаптамада не бар екенін білмейтінін және оны ағасы салып жібергенін айтқан. Сонымен қатар полицейлердің көзінше туысына қоңырау шалыпты. Телефонға жауап берген ер азамат інісе қорапты лақтырып жібер деп тапсырма берген.

Қаптамадағы есірткі заты кептірілген марихуана болып шықты. Есірткі жолдаушы анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Аталған жайт бойынша барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп, жинақталған іс материалдары сотқа жолданды,-делінген полиция мәліметінде.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Шымкент Қаласының Полиция Департаменті (@police_shymkent)

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға