Шымкентте адам өлтірген қылмыскерлер Мәскеуде ұсталды
Фото: El.kz/Арман МҰХАТОВ
Фото: El.kz/Арман МҰХАТОВ
01.08.2024 15:46
602
Адам өлтіру қылмысы үшін іздеуде жүрген шымкенттіктер Мәскеу облысында ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шымкент полициясы ресейлік әріптестерімен бірлесіп, адам өлтіргені үшін айыпталған екі күдіктінің жүрген жерін анықтады.
Департаменттің мәліметінше, екеуі де Мәскеу облысында ұсталды.
Олар өткен жылдың қыс айында таңғы 5.00 шамасында жасырын түрде бөтеннің үйіне кіріп, үш ер адамды битамен және темірмен ұрып, соққан. Бір адам алған дене жарақаттарынан жедел жәрдем көлігінде қаза болған, – деді полицейлер.
Қазіргі кезде ұсталғандарды Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Түркістанда қытайлық инвесторлармен кездесу өтті