Жаңалықтар

Шымкентте 80 мың оқушыға берілетін тамақ талапқа сай болмай шықты

Шымкентте 80 мың оқушыға берілетін тамақ талапқа сай болмай шықты
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 15.02.2024 16:46 1313

Шымкентте мектептердегі ас мәзірі талапқа сай келмеген. Осылайша 80 мыңнан астам оқушының құқығы бұзылған. Мұндай деректі прокуратура анықтады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Еңбекші ауданының прокуратурасы жүргізген талдау жұмыстарының нәтижесінде қалалық білім басқармасына ас мәзірді заңнама талаптарына сәйкестендіру туралы ұсыну енгізген. «Прокуратура туралы» ҚР Конституциялық заңының 32-бабына сәйкес прокурорлық қадағалау актілері мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың қарауы және орындауы үшін міндетті. Алайда басқарманың жауапты қызметкері прокурордың ұсынуын тиісінше қарамаған.

Осыған байланысты аудан прокуратурасы басқарманың жауапты қызметкерін заң бұзушылықтарды жоюға шара қолданбағаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 664-бабымен айыппұл түріндегі әкімшілік жауаптылыққа тартты, - делінген прокуратура мәліметінде.

Осыдан кейін қала мектептеріндегі ас мәзірі заңнама талаптарына сәйкестендіріліп, кәмелетке толмаған 80 мыңнан астам баланың құқықтары қорғалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға