Шымкентте 70 мектептің ішінде 52-сі аттестациядан өте алмады - әкім орынбасары
![Шымкентте 70 мектептің ішінде 52-сі аттестациядан өте алмады - әкім орынбасары Шымкентте 70 мектептің ішінде 52-сі аттестациядан өте алмады - әкім орынбасары](/storage/storage/element/2025/02/12/mainphoto/142167/1200xauto_6szeY93VxDi8aAuNBGKmvR8njgLC4IxvkhE81tZe.jpg)
Шымкенттің білім саласында күрделі мәселелер анықталды. Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте білім сапасының төмендігі мен заңбұзушылықтар туралы нақты деректер айтылды,деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аттестация бойынша 70 мектептің 52-сі талаптан өте алмаған. Біліктілік бойынша 579 мұғалім уақтылы біліктілігін арттырмаған, 130 мұғалімнің 55-і тесттен өте алмаған. Олардың жұмыс өтілі 20-36 жыл аралығын қамтиды. Инклюзивті білім беру бойынша 301 ерекше балаға жеке оқу жоспары бекітілмеген.
Қауіпсіздік бойынша дабыл түймесі мен бейнебақылау талапқа сай емес мектептер жетерлік. Заңбұзушылықтар бойынша кей мектептерде 120-дан астам тәртіп бұзу фактісі тіркелген. Педагогтер бойынша 140-тан астам мектептің 74-і мақсатты мектеп санатына кіреді, бірақ білім беру сапасы сын көтермейді. Кей мектептерде 20 педагогке дейін біліктілік арттыру курстарынан өтпеген. Мемлекет бөлген қаржы тиісті деңгейде игерілмеген. "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығының дерегінше, кей мектептерде 130 мұғалімнің 55-і тесттен өте алмаған.
Әкімдік өкілдері мәселені мойындап, шешуге дайын екенін жеткізді. Бірақ білім беру саласындағы олқылықтар мен жүйесіздік болашақ ұрпақтың сапалы білім алуына қауіп төндіріп тұр.
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)