Шымкентте 6 жасар баланы құтқарған оқушылар марапатталды
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің бұйрығымен Рамазан Аманкелдиев пен Ердәулет Шыңғысхан баланы құтқарғаны үшін алғыс хатпен марапатталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Балалар № 128 қалалық жалпы мектепте оқиды. Естеріңізге сала кетейік, оқиға 2023 жылдың 10 мамырында Шымкент қаласының Игілік тұрғын алабындағы Бадам өзенінде болған.
Бір топ балалармен бірге Ераулет пен Рамазан шомылуға келіп, сол жерде кішкентай баланың өзенге батып кеткенін естіді. Судың бетінде баланың жансыз денесін көріп, балалар оны жағаға шығарды.
Суды жұтқан баланың іші ісіп кетіп, өзі көгере бастаған. Балалардың үлкені Рамазан, 9-сынып оқушысы, тез арада реанимациялық әрекетке кірісті. Оған оның досы 8 сынып оқушысы Ердәулет Шыңғысхан көмектесті. Балалардың шебер әрекеттерінің арқасында алты жасар бала есін жиып, дем ала бастады.
Уақытында көрсетілген медициналық көмек баланың өмірін сақтап қалды.
Сонымен қатар біздің заманымыздың батырлары Ердәулет Шыңғысхан мен Рамазан Амангелдиев ТЖ департаменті басшылығының атынан марапатталып, естелік сыйлықтар табыс етілді.
Айта кету керек, Бадам өзені жүзуге тыйым салынған орын. Шымкент қаласында шомылуға арналған 13 орын анықталған, олар Шымкент қаласы ТЖ департаментінің сайтында орналастырылған.