Жаңалықтар

Шымкентте 58 отбасы тұрғын үй сертификаты арқылы ипотекалық баспанаға ие болды

Шымкентте 58 отбасы тұрғын үй сертификаты арқылы ипотекалық баспанаға ие болды
Фото: © Pixabay.com 03.02.2024 02:35 722

Шымкентте 58 отбасы тұрғын үй сертификаты арқылы баспанаға қол жеткізді. Олардың 4-еуі толық емес, 20-сы ерекше балалары бар немесе ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар. Қалған 24 пәтер І, ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен 10-ы бюджеттік ұйым қызметкерлеріне берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Талаптарға сәйкес, қайтарымсыз 1 млн теңге әлеуметтік көмек ретінде өтініш беруші және отбасы мүшелерінде ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен соңғы 6 ай ішінде орташа табысы 134 562 теңгеден аспаған жағдайда  мемлекеттік бағдарлама аясында «2-10-20 Бақытты отбасы», «5-10-20» бағыттары шеңберінде несие негізінде алғашқы жарнаның бір бөлігін жабу барысында беріледі. Зейнетақы аударымдары, жеке табыс салығы және өзге де міндетті аударымдар есептелмейді.

Қалалық әкімдік өтінімдер «www.kezekte.kz» интернет ресурсы арқылы қабылданып жатқанын еске салады.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға