Жаңалықтар

Шымкентте 52 адамға тұрғын үй сертификаты берілді

Шымкентте 52 адамға тұрғын үй сертификаты берілді
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі 01.02.2025 06:21 103

Шымкентте тұрғын үй сертификаттарына өтінім қабылдау 16 қаңтардан басталды.  Өтініштер kezekte.kz интернет ресурсы арқылы қабылданады. Осы уақыт аралығында жалпы сомасы 50,7 миллион теңге болатын тұрғын үй сертификаттары 52 адамға беріліп үлгерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әкімдік ұсынған мәліметке сүйенсек, тұрғын үй сертификаттарына ие болған азаматтардың санаттары:

I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар – 12 адам;
Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған отбасылар – 12 адам;
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 4 адам;
Көпбалалы отбасылар – 11 адам;
Толық емес отбасылар – 6 адам;
Бюджеттік мекеме қызметкерлері – 7 адам.

Айта кетсек, сертификаттың бұл түрі – мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары аясында «2-10-20», «5-10-20» және «Наурыз» бағыттары бойынша баспана сатып алу кезінде ипотекалық қарыздың бастапқы жарнасының бір бөлігін жабу үшін берілетін жергілікті атқарушы органның ақшалай көмегі. Бұл  әлеуметтік көмек ретінде қарыз сомасының 10%-ы, бірақ 1 млн теңгеден аспайтын мөлшерде қайтарымсыз негізде беріледі. Өтініш берушінің және оның отбасындағы әрбір мүшесінің соңғы 6 айдағы орташа табысы (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және өзге де міндетті төлемдерді қоспағанда) 143 307 теңгеден аспауы тиіс. Бұл мөлшер ағымдағы қаржы жылына заңнамада белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен (2025 жылы – 46 228 теңге) аспауы қажет.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға