Жаңалықтар

Шымкентте 50-ден астам көлікті заңсыз тіркеуге тосқауыл қойылды

Бұл туралы polisia.kz сайты хабарлады
Шымкентте 50-ден астам көлікті заңсыз тіркеуге тосқауыл қойылды
Фото: polisia.kz 04.08.2022 15:20 736

Шымкентте 50-ден астам көлікті заңсыз тіркеудің жолы кесілді, – деп хабарлайды El.kz порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

 Ішкі істер министрлігі құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою бойынша алдын алу шараларын іске асырылып жатыр. 

Арнайы операцияның нәтижелері бойынша жедел-іздестіру іс-шараларының кешені барысында Шымкент қаласындағы ІІМ орталық аппаратының қызметкерлері жақын шетелден кедендік төлемдерді, кәдеге жарату алымын және мемлекеттік бажды төлемей әкелінген көлік құралдарын елімізде   заңсыз есепке қою схемасының жолын кесті. 

Қалалық Полиция департаментінің Процессинг орталығының екі қызметкері соттың санкциясымен қамауға алынды. Шымкентте осы схема бойынша қазақстандық есепке қойылған 53 автокөліктен мемлекетке 320 млн. теңгеден астам сомаға залал келтірілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға