Жаңалықтар

Шымкентте 5 өнер мектебі салынады

Шымкентте 5 өнер мектебі салынады
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 15.06.2023 13:29 1026

Шымкентте соңғы бес жылда 48 810 орындық 105 мектеп пайдалануға берілді. Оның ішінде, 80%-ы жеке инвестор есебінен салынған. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Нәтижесінде, үш ауысымды мектептер саны 19-дан 3-ке, ыңғайластырылған мектеп саны 17-тен 3-ке азайды. Биыл 18 мектепті пайдалануға беріп,үш ауысымды мектеп мәселесін толығымен шешуді көздеп отырмыз, - деді аймақ басшысы.

134 мыңнан астам оқушы ыстық тамақпен, 54 мыңға жуық оқушы мектеп формасымен қамтылды.

Президенттің бастамасымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында қалада 2026 жылға дейін 28мың орынды 18 мектеп пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес екі Оқушылар сарайының құрылысы басталып, оның 1-уі биыл пайдалануға беріледі, - деп толықтырды Мұрат Әйтенов.

Одан басқа, 750 орынды 5 өнер мектебінің құрылысын салу жоспарланғаны айтылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға