Жаңалықтар

Шымкентте 4 жасар бала көпқабатты үй терезесінен құлап кетті

Шымкентте 4 жасар бала көпқабатты үй терезесінен құлап кетті
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 06.07.2024 21:15 731

Шымкентте 4 жасар бүлдіршін 3-қабат терезесінен құлап кетті. Бүлдіршіннің жағдайы орташа, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға бүгін 6 шілдеде Қ.Төлеметов көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйде болған. Бала дереу ауруханаға жатқызылды. 

Шымкент қаласы ТЖД балалардың терезеден құлап кетуіне жол бермеу үшін төмендегі сақтық шараларын ұмытпауды сұрайды: 

- Үйде кішкентай бала болса, терезелерді ашық қалдырмаңыз;    
- Жиһазды терезелердің жанына қоймаңыз;   
- Терезелер арнайы қорғаныс құрылғыларымен болуы керек;    
- Бала оны өздігінен аша алмайтындай етіп терезе тұтқасын құлыптаңыз;   
- Баланы терезеде тұруға және терезеден көшеде не болып жатқанын көруге үйретпеңіз, бала сіз үйде болмаған кезде қайталауы мүмкін.    

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға