Жаңалықтар

Шымкентте 4 мыңға жуық науқас өзіне тиесілі тегін дәріні ала алмаған

Шымкентте 4 мыңға жуық науқас өзіне тиесілі тегін дәріні ала алмаған
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 04.09.2024 03:29 1056

Қалалық прокуратура медициналық ұйымдарды тексеру кезінде 12 қалалық емханада диспансерлік есепте тұрған 4 мыңға жуық науқас мемлекет кепілдік берген тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілмегені анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тексеріс нәтижесінде 3915 науқасқа дәрі-дәрмек берілді, 12 бас дәрігер ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабымен (Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу) әкімшілік жауаптылыққа тартылып, олардан 2 миллион теңгеден астам айыппұл өндірілді, 108 медицина қызметкері тәртіптік жауаптылыққа тартылды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға