Жаңалықтар

Шымкентте 4 мұғалім "Үздік педагог" атанып, 3,5 млн теңгеден алды

Шымкентте 4 мұғалім "Үздік педагог" атанып, 3,5 млн теңгеден алды
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі 26.10.2024 07:34 4875

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Астанада «Үздік педагог» конкурсының републикалық кезеңінің қорытындысы бойынша 64 жеңімпазды марапаттады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Аталған байқауда шымкенттік 4 ұстаз үздіктер қатарына енді. Атап айтар болсақ, қаладағы № 2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернатының мұғалімі М. Галиева, М. Х. Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған гимназияның мұғалімі Ю.Грязнов, «Саз колледжінің» арнайы пән оқытушысы О. Дмитриева, Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназияның мұғалімі Г. Шералхан «Үздік педагог» төсбелгісімен марапатталды.

Ұстаздарға 1 000 АЕК (3 450 000 теңге) көлемінде ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға