Шымкентте 25 жыл бұрын жасалған адам өлтіру қылмысы ашылды

Шымкентте полиция 25 жыл бұрын жасалған адам өлтіру қылмысын ашты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 1999 жылдың тамыз айында болған. Жеке үйден зорлық-зомбылық белгілері бар зейнеткердің мәйіті табылған. Сараптама марқұмның тұншығып өлгенін көрсетті. Күдіктінің көршілес елде басқа қылмыс үшін жазасын өтеп жатқаны анықталды. Реадмиссия арқылы ол Шымкент қаласына жеткізіліп, қамауға алынды. Тергеу "адам өлтіру" бабы бойынша жүргізілуде, - деді ІІМ криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаров.
Одан бөлек, сол қалада қылмыс жасағаны үшін 16 жыл іздеуде жүрген күдікті ұсталды.
Күдікті 2009 жылы үш адамға оқ атып, соның салдарынан біреуі қаза тапқан. Бұған қаржылық келіспеушіліктер себеп болған. Күдікті қамауда. Материалдар сотқа жіберілді, - деді Руслан Назаров.
